Жаңалықтар тізбегі
0

Арбада отырған жігітке тұрмысқа шыққан келіншек енді оған тоқал алып бермек

stan.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.12.2018 23:00 stan.kz
Асыл болса болашақ жарын бір көргеннен ұнатқанын, оған үйленуге асыққанын айтады.

Қызылорда облысы, Қазалы ауданының тумасы Күмісай осыдан төрт жыл бұрын арбаға таңылған азаматқа тұрмысқа шыққан. Ол жары Асыл Рахымжанның имандылығына қызыққанын айтады. Алғашқыда анасы жарымжан азаматқа тұрмысқа бергісі келмеген. Алайда әкесі разылығын берген соң, қарсы келе алмаған. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі “Еуразия” арнасының “Кеш қалмайық” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

“Асыл екеуміз 2014 жылдың аяғында желі арқылы таныстық. 6 ай сөйлесіп, бір-бірімізбен келісіп, үйлендік. Төрт жылдай болып қалды. Оны өзім іздеп бардым. Мен Асылдың имандылығына қызықтым. Аяқ-қолы істемесе де, сау жігіттерден артық нәрселер істейді. Олардың ой-өрісіндей емес. Маған салмақтылығы, имандылығы ұнады. Сөйлесе келе мінезіне қанық болдым, сөйтіп үйлендік”, – дейді Күмісай.

Асыл болса болашақ жарын бір көргеннен ұнатқанын, оған үйленуге асыққанын айтады.

“Махаббат деген некеге дейін емес, кейін басталады ғой. Бізде де солай болды. Асыл өзі намаз оқиды, үйде әке-шешем де дін жолындағы адамдар. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) айтып кеткендей, некеге дейін махаббат болмайды. Екеуміз үйленіп барып бір-бірімізге ғашық болдық”, – дейді Күмісай.

Бір қызығы, таныстарының арасында екеуінің қосылуына өзге де себеп іздегендер табылыпты. Мәселен, кейбіреулер “Күмісай Асылға байлық үшін тұрмысқа шықты” деп ойлаған. Тіпті, “ешкім тұрмысқа алмағандықтан, көндіккен” деп мін таққандар да бар. Оларға Күмісайдың өз айтары бар.

“Жалғыз зейнетақысына күн көріп отырған бала екенін білдім. Екіншіден, ешкімнің табалдырығын аттамағанмын”, – дейді ол.

Күмісайдың анасы оның Асылға тұрмысқа шығуына қарсы болған. Бірақ:

“Біздің дінімізде, ең бастысы әкенің разылығы. Өйткені ана әкенің сөзіне бағынады. Әкеміз рұқсат бергеннен кейін, тұрмысқа шықтым. Әкем: Барлық адамдар бірдей, ең маңыздысы, адамның жүрегіндегі иманы. Алладан қорқатын еркекке үйленсең болды, – деді”, – дейді Күмісай.

Асыл мен Күмісайдың отасқанына бүгінде 4 жыл толып отыр. Енді Асыл екінші әйел алуды жоспарлап отыр. Бұған Күмісайдың өзі мұрындық болған көрінеді.

“Менен рұқсат сұрады, мен рұқсатымды бердім. Өйткені екеуміз бірге жүріп қараған жақсы. Мен оны жуындырамын, киіндіремін. Сол сенің қасыңа серік болсын, дейді. Әйел қызғанса – күнә, еркек қызғанса – парыз дейді ғой. Соның бәрін түсініп өскеннен кейін, қызғанбаймын. Қайда барады, жүре алмайды ғой”, – дейді Күмісай.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: