Жаңалықтар тізбегі
0

Көктайғақта жарақат алмаудың жолдары қандай

elorda.info, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.12.2018 23:37 elorda.info
Ми жарақаттарында және ішкі органдардың зақымдалуы кезінде ауырсынуды басатын дәріні қабылдауға тыйым салынады.

Көктайғақ күндері жарақат алмас үшін қарапайым әрі дәлелденген қауіпсіздік шараларын сақтау қажет. Жарақат алу қаупін қалай азайтуға болады? Бұл туралы Астана қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс травматологы, №1 қалалық ауруханадағы жарақат орталығының жетекшісі Алексей Солод айтып берді, деп хабарлайды Елорда Инфо Астана қаласы әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

«Табан мен жілік-білезік буындарының жарақаттары көбіне көктайғақ кезінде орын алады. Жарақат алған жағдайда қол, аяқ немесе дененің басқа да зақымдалған бөлігінен ұстауға болмайды. Сіздің денсаулығыңызға түзетілмейтін зақым келуі мүмкін. Дәлірек айтқанда, мұндай әрекет сынықтың ауытқуына, қан тамырларының зақымдануына әкеліп соғуы мүмкін», – дейді Алексей Солод.

Алайда, жәбірленушіге алғашқы көмек міндетті түрде берілуі тиіс. Осыған байланысты бірқатар арнайы әдіс бар. Мысалы, картон немесе ағаш шинамен жарақатты қатты қыспай, аяққа орау керек. Егер науқастың омыртқасы жарақаттанса, жедел жәрдем мамандарының көмегінсіз болмайды. Бұл жағдайда таксиге қоңырау шалудың қажеті жоқ. Себебі орындық жарақатты ушықтыруы мүмкін. Сондықтан арнайы зембілге салу маңызды.

Ми жарақаттарында және ішкі органдардың зақымдалуы кезінде ауырсынуды басатын дәріні қабылдауға тыйым салынады. Себебі диагноз бен көгерудің салдарын анықтау қиынға соғады. Сондай-ақ, науқасты мүмкіндігінше аз мазалауға тырысыңыз. Ең бастысы, жарақаттың кез келген түріне бірден жедел жәрдем тобын шақырыңыз. Өз бетімен жеткізуге болмайды.

«Көптеген жағдайларда жұлын сынықтары бар науқастар травматологияға жеткізіледі. Барлық аурухана жарақат дәрежесін анықтау үшін қажетті жабдықтар және құрылғылармен жабдықталмаған. «Алтын сағат» принципі бойынша, неғұрлым жедел көмек көрсетілсе, соғұрлым адамның өмірін сақтап қалуға болады», – деп жалғастырды А. Солод.

Зақым алғанда адам жарақаттың ауыр-жеңілдігін бірден түсінбеуі мүмкін. Сондықтан, бірінші кезекте, зардап шеккен жерге суық басып, тезірек жедел жәрдем бөлімшесіне барыңыз. Осылайша, сіз жарақаттың асқынуының алдын аласыз. 18 жасқа дейінгі балалар №2 қалалық ауруханаға, ересектер – теміржол ауруханасына, №1 қалалық ауруханаға және травматология және ортопедия бойынша ғылыми-зерттеу институтына жіберіледі. Дәрігер сондай-ақ, көктайғақтан сақтану жөнінде ұсыныстармен бөлісті.

«Тайғақ аяқ киім кимеңіз. Табаны тегіс болмауы керек. Көктайғақ жерлерден аулақ жүруге тырысыңыз. Аяқ киімге сырғымайтын жапсырма жабыстыру қажет. Сондай-ақ, арнайы тіреуіш бекітуді ұсынамын. Көктайғақтан басқаша жолмен құтыла алмайсыз. Жолды кесіп өткенде, жол ережелерін ұстану керек. Көптеген жарақаттар көшені кесіп өтумен байланысты. Сондықтан уақытты есептеп, баяу жүріп өтуге тырысыңыз», – деп қорытындылады Алексей Солод.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: