Головкиннің жойқын нокауты 2018 жылдың үздігі деп танылды

Sputnik Казахстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.12.2018 17:01 Sputnik Казахстан
Шетелдік басылымдардың бірі 2018 жылғы үздік нокауттарды жариялады.

Round 2 аргентиналық басылымы Твиттер желісінде 2018 жылғы кәсіби рингтегі ең қызықты сәттермен бөлісуде, деп хабарлайды sputniknews.kz.

Басылымның тілшілері 2018 жылдың ең есте қаларлық нокауттарын тізіп жатыр. Олардың қатарына танымал қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) америкалық Ванес Мартиросянды (36-4-1, 21 КО) нокаутқа түсіруі енген.

"Осы жылдың үздік нокауттарын жариялауды жалғастырамыз. "Канеломен" бірінші кездесуінен кейін Геннадий Головкиннің Ванес Мартиросянға қарсы жекпе-жегі", — деп жазады Round 2.

​Естеріңізге сала кетсек, Головкин мамыр айында Мартиросянмен жұдырықтасып, екінші раундта нокаутқа түсірген еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: