Алматы сейсмологтары жер сілкінісін тіркеді

sputniknews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.12.2018 23:31 sputniknews.kz
Жер асты дүмпулерінің эпицентрі Қытайда он километр тереңдікте.

"Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедиция" мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық станциялар желісі бүгін Астана уақытымен 09.41-де немесе Гринвич бойынша 03.41-де магнитудасы 4.9 жер сілкінісін тіркеді деп жазады sputniknews.kz.

Сейсмикалық белсенділік ошағы, Қазақстанның білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті экспедициясының мәліметі бойынша, Алматы қаласынан шығысқа қарай 397 километр жерде, Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы сейсмологтардың берген бағасы бойынша 11.2 деңгейінде.

Эпицентрінің тереңдігі – 10 километр.

Алматылықтарға жер асты дүмпулері сезілген жоқ.



Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: