Мемлекет басшысы жыл қорытындысы бойынша еліміздің БАҚ өкілдерімен кездесті

www.akorda.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.12.2018 15:12 www.akorda.kz
Нұрсұлтан Назарбаевқа ресми емес сұрақтар да қойылды.

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев биыл елімізде болған маңызды оқиғаларды қорытындылап, журналистердің сұрақтарына жауап берді. Бұл туралы zakon.kz, Ақорда жариялаған ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.

Атап айтқанда, Қазақстан Президенті мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі нәтижелері туралы әңгімелеп, жаңғыру жөніндегі реформалар мен бағдарламаларды іске асыруды одан әрі жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Мемлекет басшысы Қазақстанның сыртқы саясат саласындағы басты жетістіктері туралы айтып, жақында болған кадрлық өзгерістерге байланысты түсініктеме берді, сондай-ақ Сыртқы істер министрлігі алдында тұрған жаңа міндеттерге тоқталды.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаевқа ресми емес сұрақтар да қойылды.

Сұхбаттың телевизиялық нұсқасы 2018 жылғы 28 желтоқсанда республикалық телеарналардан көрсетіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: