Назарбаевтың құттықтауынсыз Жаңа жыл: Батыс Қазақстан тұрғындары шағымын айтты

stan.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.01.2019 21:13 stan.kz
Мұны желі қолданушылары қолдады.

Батыс Қазақстан тұрғындары Жаңа жылды уақытылы қарсы алмайтындарын айтып шағымданы. Отандық телевидениеге ұсынысын жеткізді деп жазады stan.kz.

“Батыс тұрғындары атынан қазақстандық телевидениеге ұсыныс айтқым келеді. Бұл ақылды азаматтар Қазақстанда бірнеше белбеу бар екенін білмейді. Сондықтан біз Жаңа жылды сағат түнгі 23:00-де қарсы аламыз. Елбасының құттықтау сөзін қайталатып +5 белбеуі үшін қайта беруге болмай ма? Батыстықтардың да Жаңа жылды сезінуіне жағдай жасауға болмай ма?” Қазақстанның 28 жыл тәуелсіздігінде осыны ойлауға телевизия мамандарының ақылы жетпей отыр”, – деп жазды желі қолданушысы.

Мұны желі қолданушылары қолдады.

“Бізде бір сағат айырмашылық болатындықтан Жаңа жыл уақытын елбасының сөзінсіз қарсы аламыз. Мұны бір ретке келтірсе дұрыс болар еді”, – деп жазды өзге қолданушылар.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: