Жаңалықтар тізбегі
0

Ел автопаркі ескіріп барады

kolesa.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.01.2019 23:46 kolesa.kz
2018 жылы тіркеуден өткен барлық техниканың шамамен үштен екісі — жасы оннан асқан көліктер.

Қазақстандық автобизнес ассоциациясы (ҚАБА) берген деректерге сай, әкімшілік полиция органдары 2018 жылы 1 194 254 көлік құралын есепке (қайта рәсімдеу, автокөліктің иесін ауыстыру сынды мәміле түрлерін қоса алғанда) қойған. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 14.8 %-ға артық деп жазады kolesa.kz.

Жалпы тіркеу шарасындағы бастапқы тіркеудің үлесі желтоқсан мен қаңтар аралығында 6.8-ден 7.1 %-ға дейін өскен. Қазақстанда 84 886 көлік құралы тіркеуден алғаш рет өтті. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 13 977 көлікке артық. Ал қалған 1 109 368 автокөлік қайта тіркеуден өткендер, бұл жалпы рәсімделген көліктердің 92.9 %-ын құрайды.

Тіркелген техниканың басым бөлігі, яғни, 464 236 данасы шығарылғанына 20 жылдан асқан көліктер. 10-нан 20 жасқа дейінгілердің жалпы саны — 325 935. Үштен он жасқа дейінгі техниканың үлесіне 290 205, ал үшке дейінгілердің үлесіне 112 833 көлік тиесілі.

Аймақтар бойынша тіркелген техника саны жағынан оқ бойы озып тұрған өңір — бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы (Шымкент пен Түркістан облысын қоса алғанда). Мұнда 173 925 көлік тіркелген. Алматы облысында жыл басынан бері 173 453 көлік құралы тіркелсе, Алматыда 151 030, Астанада 101 431 темір тұлпар есепке қойылыпты. Бестікті жалпы саны 81 967 автокөлік тіркелген Қарағанды облысы түйіндеп тұр.

Жыл қорытындысы бойынша, қазақстандықтар көбіне әр жылда шығарылған Toyota, Lada (ВАЗ), Mercedes-Benz (Daimler), Volkswagen және Audi көліктерін тіркейді екен. Техникасын есепке қойғандардың 94 %-ы жеке, ал 6 %-ы заңды тұлғалар. Жалпы Қазақстан бойынша төрт миллионнан аса түрлі типтегі автокөлік тіркелген.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: