Ақылы бөлімде оқып жүрген 275 ақмолалық студент тегін білім алатын болды

Sputnik Казахстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.01.2019 19:19 Sputnik Казахстан
Гранттар жоғары білім алып жатқандарға ғана қарастырылған.

Оларға облыс әкімінің атаулы шәкіртақысы тағайындалды. Өңірге аса қажет мамандықты игеріп жатқан студенттер, ата-анасынан айырылған және аз қамтылған отбасылардың балалары, ғылым мен спортта жетістікке жеткен белсенді жастар тегін білім алу мүмкіндігіне ие болды. Шәкіртақы бір жылға берілді. Гранттар жоғары білім алып жатқандарға ғана қарастырылған. Осы шәкіртақы 2011 жылдан бері беріліп келеді. Бүгінге дейін барлығы мыңнан астам студентке бөлінген, деп хабарлайды zakon.kz, "QAZAQSTAN" арнасы берген ақпаратқа сілтеме жасап.

Дамир Іргебаев, Жастар саясаты бөлімінің басшысы:

- 343 өтінім түсті, солардың ішінен 275 студентке шәкіртақы берілді. Жалпы сомасы 106 миллионды құрады. Стипендияны тағайындау кезінде арнайы комиссия құрылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: