Жаңалықтар тізбегі
0

"Жаңа Жетісу" - Алматының жаңа ауданын одан әрі көркейте түсті

BI Group, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.01.2019 18:04 BI Group
284 отбасы пәтер кілттерін алып, компаниямен бірге жаңа қоныстарын дүркіретіп атап өтті.

Өзінің сұлу табиғатымен талай адамзатты тамсандырған Жетісу өңірін – халық "Жер жәннаты - Жетісу" деп бекерден бекер айтпаған. Сол өлкемен аттас Алматы қаласының Әуезов ауданындағы "Жаңа Жетісу" тұрғын үй кешені де мегаполистің сәулеттік келбетін одан әрі көркейте түсті!

Әуезов ауданы қарқынды түрде дамып келеді, бірақ мұнда ашық түсті фасады бар, жаңа сапа стандартына ие үй бұрын-соңды болмаған!

, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.01.2019 18:04, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.01.2019 18:04

Осылайша, 284 отбасы пәтер кілттерін алып, компаниямен бірге жаңа қоныстарын дүркіретіп атап өтті. Ал BI Group үшін - бұл Алматыда салынған бесінші тұрғын үй кешені.

Ирина Тюлегенева, жаңа пәтер иесі: - Бұл біз үшін күтпеген оқиға болды! Біз "Жетісу-1" шағын ауданында тұрдық, сәбиіміздің де дүниеге келген уақыты еді. Перзентханадан шыға сала, баламмен аулада серуендеп жүргенбіз. Екінші күні, әлгі серуендейтін жерімізде биік қақпада — "Бұл – бақыт мекені" деген жазу ілініп тұр екен. Сондай әдемі үйлердің суреті салынулы тұрды. Жүрегім тулап, бірден шешім қабылдадым. Біздің бір бөлмелі пәтеріміз және жинаған ақшамыз бар еді. Бірден, екі апта ішінде пәтерімізді сатып жібердік те, осы үйден сатып алдық. Үйге міне енді көшіп келіп жатырмыз, өте жақсы, әдемі. Шынында, BI — біздің бақытымыз!

, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.01.2019 18:04

BI Development Almaty директоры Айдос Мукатаев үйдің артықшылықтары туралы айтып берді:

‒ "Жаңа Жетісудың" орналасқан жері ыңғайлы, қаланың тыныш бөлігінде. "Жетісу-1" шағын ауданында, бірақ осы ауданның дамыған бөлігінде орналасқан. Үйдің ішкі және сыртқы әрленуі қызыл-сұр гаммада орындалған. Бұл – бұрынғы кеңестік бес қабатты үйлердің арасынан ерекше көрінеді!

Жоба жетекшісі Николай Ватутин:

"Жаңа Жетісу" 10 және 12 қабатты 4 блоктан тұрады. Авторлық ландшафттық дизайн балалар мен спорт алаңдарын, сондай-ақ релакс-аймақтарды қамтиды. Жаңа пәтер иелері үшін барлығы жақын - 2 мектеп, 2 балабақша, медициналық орталық, супермаркет және сауда орталығы, "Достық" метро жаңа станциясы.

Алматыда BI Group компаниясы бес тұрғын үй кешенін салды: "Асыл Тау", "Сезам", Gagarin Park, "Аманат" және "Жаңа Жетісу".

Қазір қаланың түрлі аудандарында тағы жеті үйдің құрылысы жүруде: Atameken, Art Residence - 1 және 2, "Асыл Тау-4", Central avenue, Gulder, Bereket және Hyde Park.

Үлескерлердің қаражатын тартуға берілген 14.03.2018 жылғы № 23 рұқсат. Уәкілетті компания: "Алтын Сапа НС" ЖШС. Құрылыс салушы: "Компания "Индустрия Строительства" ЖШС.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: