Грузияда шошқа тұмауынан 17 адам көз жұмды
inform.kz
Қауіпті дерт сәбидің де өмірін жалмап үлгерген
Грузияда H1N1 вирусынан он айлық сәби қайтыс болды. Ол шошқа тұмауының 17-ші құрбаны. Оқиға бірнеше күн бұрын елдегі аймақтардың бірінде болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат newsgeorgia.ge сайтына сілтеме жасап.
Грузия қоғамдық телевидениесі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлағандай, зертханалық талдау нәтижесінде бала вирус жұқтырғанға дейін қызылшамен ауырып, жағдайы нашарлаған. Дәрігерлердің айтуынша, ата-анасы ауруханаға апармаған, бала үйде қайтыс болған. Денсаулық сақтау министрлігі "Грузияда бірнеше күннен бері грипп вирусына шалдығу көрсеткіші азайды", - деп мәлім етті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript