Елбасы Никол Пашинянға құттықтау жеделхатын жолдады

Деловой Казахстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.01.2019 15:41 Деловой Казахстан
Армения халқына бейбіт өмір мен береке тілеймін - Назарбаев.

Нұрсұлтан Назарбаев Никол Пашинянға Армения Республикасының Премьер-Министрі лауазымына тағайындалуына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы zakon.kz Ақорданың баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Никол Пашинянды Армения Республикасының Премьер-Министрі болып тағайындалуымен құттықтады.

Достық пен түсіністікке негізделген Астана мен Ереван арасындағы өзара тиімді қарым-қатынастар халықтарымыздың игілігі жолында одан әрі нығая түседі деп сенемін. Сізге зор денсаулық пен күш-қайрат, жауапты қызметіңізге мол табыс, ал барша достас Армения халқына бейбіт өмір мен береке тілеймін, – делінген жеделхатта.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: