Ақмола облысында енді қызылшамен дәрігерлердің өздері ауыра бастады

56orb.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.01.2019 16:30 56orb.ru
Қазірдің өзінде Ақмола өңірінде 77 адамнан қызылша дерті байқалған. Олардың барлығы есепке алынып, жұқпалы дерт ошақтарында залалсыздару шаралары жүргізілді.

Медицина қызметкерлері науқастарға ем-дом жасап жүріп, осы індетті жұқтырыпты. Бұл туралы zakon.kz КТК телеарнасы таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Әсем Төлеубаева, Ақмола облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім басшысы:

-Бүгінгі таңда 6 медицина қызметкері қызылша ошағындағы адамдармен қарым-қатынаста болған. Олар ем қабылдап, медициналық бақылауда отыр. Мамандар медицина қызметкерлерінің инфекция жұқтыруына олардың вакцина алмауы, болмаса, иммундық қабілеттерінің төмендеуі де себеп болуы мүмкін,-дейді. Қазірдің өзінде Ақмола өңірінде 77 адамнан қызылша дерті байқалған. Олардың барлығы есепке алынып, жұқпалы дерт ошақтарында залалсыздару шаралары жүргізілді. Медицина қызметкерлеріне эпидемияға қарсы екпе жасаудың тиімділігі түсіндіріп жатыр екен. Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрлігі енді сәбилерге 1 жастан емес, 9 айынан бастап вакцина салмақшы. Өйткені, ауыруға шалдыққандардың басым бөлігі екпе алып үлгермеген сәбилер.

"Елімізде осы аурудың көтерілуі байқалып жатыр. Былтырғы жылдың қараша айынан бастап зертханалармен расталған 1 мыңға жуық жағдай тіркелді. Толығымен вакцинация жүргізу үшін вакцина бар. Тағы 100 мың вакцина сатып аламыз", - деді Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы, Жандарбек Бекшин

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: