Жаңалықтар тізбегі
0

Нұрлан Нығматулин: Заңнамаға түзетулер елдегі іскерлік ахуалды жақсартуға мүмкіндік береді

Мәжілістің баспасөз қызметінен алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.01.2019 18:08 Мәжілістің баспасөз қызметінен алынды
Бүгінгі енгізіліп отырған өзгерістер бизнес саласын дамытуға, сауда қызметін нығайтуға ерекше ықпал ететін болады.

Бүгін Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалық етуімен өткен Мәжілістің жалпы отырысында заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша заңнамалық түзетулер II оқылымда мақұлданды. Бұл туралы zakon.kz. Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабаралайды.

Заң жобасының маңыздылығына тоқталған Нұрлан Нығматулин бұл құжат Мемлекет басшысының бизнес-ортаны одан әрі дамыту жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында әзірленгенін атап өтті.

Палата Спикерінің пікірінше бүгін қабылданған түзетулер кәсіпкерлікті қолдаудың тиімді механизмін құруға мүмкіндік береді. Өйткені, бұл ең алдымен, жаңа кәсіпорындар ашу, несие алу, құрылысқа рұқсат беру және салық салуға жағдай жасайды.

"Бұл жолда бүгінгі енгізіліп отырған өзгерістер бизнес саласын дамытуға, сауда қызметін нығайтуға ерекше ықпал ететін болады. Сонымен бірге, кәсіпкерлер үшін де өте тиімді болып табылады. Осының барлығы, шағын және орта бизнестің экономикалық қуатын күшейтуге серпін беретіні сөзсіз", - деді Нұрлан Нығматулин.

Мәселен, 2020 жылдан бастап тауарларды таңбалау және сауда-саттық қызметінде кассалық-бақылау құралдарын пайдалану ережелері енгізілді.

Депутаттардың ұсынысы бойынша осы заң жобасында қарастырылған өнімдерді таңбалаумен өндірушілердің өздері немесе Бірыңғай өнімді таңбалаушы операторлар айналысатын болады. Сонымен қатар, Бірыңғай операторға қалаларда ғана емес, сонымен қатар барлық облыстық орталықтарда таңбалау қызметтерін ұсыну үшін өз филиалдары мен тиісті жабдықтары болуы керек.

Жұмыс тобының заң жобасымен жұмысы барысында депутаттар қолма-қол ақшасыз төлемдерді ынталандыру мақсатында салықтық әкімшілендіруді оңайлату; мүгедектерге әлеуметтік қызметтер көрсету кезіндегі кірістерді салық салудан босату; салынған әкімшілік айыппұлды мерзімінен бұрын төлеген кезде шартты жеңілдік беру; толық декларация беру мерзімін ұзарту арқылы кедендік әкімшілендіруді оңайлату, сондай-ақ халықаралық пошта жөнелтілімдері кезінде кедендік рәсімдерді оңтайлы ету; электрондық сауда алаңдарын дамыту және электрондық сауданы жүзеге асырған кезде сатып алушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі нормаларды нақтылау бойынша түзетулер енгізді.

Жалпы алғанда, заң жобасында Қазақстан Республикасының 10 кодексі мен 28 заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: