Жаңалықтар тізбегі
0

"Ұрлап, ақшасын тартып аламын": Екі жоғары білімі бар оралдық қаңғыбас өз өмірі туралы айтып берді

asi.org.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.01.2019 16:34 asi.org.ru
Бүгінде Оралда 400-ден аса үйсіз жан бар. Жыл сайын бұл көрсеткіш 5-6 адамға өсуде.

Орал мен Ақтау қалаларындағы үйсіз жандар өз өмірлері туралы айтып берді. Олардың сөзінше, күнделікті табысы мың теңгеден 5 мыңға дейін жетеді. Олар бір айда жинайтын ақша еліміздегі ең төменгі күнкөріс деңгейі мен мемлекеттік қызметкердің орташа жалақысынан асады. Бұл туралы Stan.kz "Астана" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгінде Оралда 400-ден аса үйсіз жан бар. Жыл сайын бұл көрсеткіш 5-6 адамға өсуде.

Қаңғыбастардың арасында бірнеше жоғары білімі бар адамдар немесе бір сәтте отбасы, кәсібі мен баспанасынан айырылған бұрынғы кәсіпкерлер де кездеседі.

Оралдық Саят Ғазизов екі білімі бола тұра бірнеше жыл бойы жұмыс таба алмай жүргенін айтады. Соның салдарынан ұрлық жасауға мәжбүр.

"Иә, ұрлаймын, ақшасын тартып аламын. Қылмысқа барамын. Мұнда жүргенше, түрмеде отырған жақсы. Түрмеде ең болмаса тамақ береді. Ал мұнда кім тамақтандырады?" – дейді ол.

Қиын жағдайда қалған тұлғаларды бейәлеуметтендіру орталығының директоры Құрманғали Байғаржановтың сөзінше, көмек сұрап келгендердің бәріне құжатын қалпына келтіріп, жұмыс тауып, қол ұшын созады.

60 адамға есептелген үйде келгендердің бәрін тамақтандырып, медициналық көмек көрсетіп, киім беріп, туыстарын табуға көмектеседі немесе қарттар үйіне жібереді.

Оралдық Галина Полякованың айтуынша, бұрын өзінің жеке кәсібі болған. Алайда бәрінен бір сәтте айырылыпты. Ол баспанасыз қалғаннан кейін көшеде өмір сүре бастаған. Ендігі ол қарттар үйінде тұратын болады.

Залика Айталиеваны туған ұлы үйінен қуып шығыпты. Бүгінде ол уақытының көп бөлігін шіркеуде өткізеді. Ол жерге келушілер қол жайып, көмек сұрағандарға садақа береді.

Өз сөзінде үйсіз әйел қайыр тілеу арқылы күніне 1 500-2 000 теңге табатынын айтты. Адамдар ақшадан бөлек нан, тоқаш, печенье сынды тамақтар береді екен. Кейбір келушілер киім әкеліп беретін көрінеді.

Ал ақтаулық үйсіздердің бір күндік "табысы" көбірек. 64 жастағы Александр Новиков өмір бойы автомеханик болып жұмыс істеген. Алайда басшысы алдап соғып, салдарынан баспанасыз қалыпты. Бүгінде ол супермаркеттің жанында тұрып, тілемсектікпен айналысады. Ер адамның сөзінше, тапқан ақшасы ішімдік пен тіскебасарға жетеді.

"Кейде жомарттық танытатын адамдар болады. Кейбірі бірден 5 000 теңге береді. "Тамақ же", – дейді. Оларға рахмет! Құдай денсаулық берсін…" – дейді Новиков.

Үйсіздердің кейбірі бір айда 50-60 мың теңге жинап алатындары мойындады. Бұл сома бүгінде 45 мың теңгеден асатын ең төменгі күнкөріс деңгейінен көбірек.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: