Талдықорғанда 29 жастағы келіншек босану кезінде көз жұмды
ru.psy.co
Оқиға облыс орталығындағы ауруханада орын алған.
Желіде марқұм әйелдің егізді өмірге әкелу кезінде көз жұмғаны айтылды, Бұл туралы stan.kz NewTimes.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға облыс орталығындағы ауруханада болды. Автордың айтуынша, әйелдің артында 4 баласы қалды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы оқиғаға қатысты пікір білдірді. Әйелдің екі аптадан бері ем алып жүргенін айтты. Оның жағдайы тұрақты деп бағаланған.
Алайда босану кезінде қиындық болды. Әйелден қан кетті. Оған бірнеше ота жасалды. Әйелдің аяқ астынан жүрегі тоқтап қалған.
Болжамға сәйкес, дәрігерлер әйелдің өлімінің себебін тромбоэмболиядан деп атады.
Басқарманың мәліметінше, қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript