Өскеменде заңсыз жұмыс істеп жүрген тәжік азаматтары анықталды
altaynews.kz
Тәртіп сақшылары бұндай заң бұзушылықты «Мигрант» жедел-алдын алу іс-шарасы кезінде анықтады.
Өскеменде заңсыз жұмыс істеп жүрген екі тәжік азаматы жауапқа тартылды. Олардың «қожайыны» 50 АЕК көлемінде айыппұл төлейді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Тәртіп сақшылары бұндай заң бұзушылықты «Мигрант» жедел-алдын алу іс-шарасы кезінде анықтады.
ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, бизнесменге ҚР Әкімшілік кодексінің 519 бабы 1 тармағы бойынша 50 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Ал жұмыс іздеп келген қонақтар үйіне қайтарылды.
Жалпы айта кетер болсақ, бес күн ішінде полицейлер шетелдік жұмыс күшін тарту бойынша ереже бұзудың 11 фактісін анықтап, 86 қазақстандықты айыпты деп таныды. ҚР аумағында болу ережелерін бұзғаны үшін 514 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оның 36-сы елден тыс жерлерге жіберілсе, қалған 310 шетел азаматының уақытша болу мерзімі қысқартылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript