Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында бейнебақылау камералары 20 мыңға жуық құқық бұзушылықты анықтады

www.zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.01.2019 16:29 www.zakon.kz
Қазіргі таңда өңірдегі әкімшіліктің қолдауымен кезекші аумақтық полиция бөлімшелеріне және Талдықорғандық жедел басқару орталығына тікелей қосылған 968 бейнебақылау камерасы орнатылған.

Алматы облысының қалалары мен аудандарының көшелері мен қоғамдық орындарындағы тәртіпті жақсартуға ықпал ету үшін бейнебақылау жүйесін енгізу одан әрі жалғасуда. Бұл туралы Алматы облыстық полиция департаментінің басшысы генерал-майор Мұрат Ұрұмханов 2018 жылдың қорытынды жиынында: «Бейне бақылау жүйесін кеңейту жедел жағдайға оң әсер етудің тиімді тәсілі болып табылады, деп жазады zakon.kz.

Қазіргі таңда өңірдегі әкімшіліктің қолдауымен кезекші аумақтық полиция бөлімшелеріне және Талдықорғандық жедел басқару орталығына тікелей қосылған 968 бейнебақылау камерасы орнатылған. Өткен жылы камералардың көмегімен 122 қылмыс ашылып, 20 000 жуық құқық бұзушылық анықталды» - деп атап өтті.

Айта кетейік, бүгінгі күні бейнекамаралардың жалпы санынан облыс орталығында 871 бейнекамера қоғамдық орындардағы тәртіпті жіті қадағаласа, қалғандары Қарасай, Талғар, Іле, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Қаратал, Ескелді аудандарында, Текелі және Қапшағай қалаларында орнатылған.

«Бейнекамералардың көмегімен полиция қызметкерлерін қандайда бір құқық бұзушыны немесе қылмыскерді ұстауға жедел жұмылдыру мүмкіндігі бар. Атап айтсам, өткен жылы 102 арнасына Талдықорған қаласының көңіл көтеру орындарының біріне жақын маңда «ТОЙОТА» маркалы автокөлікте қызға зорлық көрсетілгені туралы хабарлама түсті. Жедел басқару орталығының бейнебақылау кезекші инспекторы қылмыскердың қозғалу мүмкіндігі бойынша бейнекамераларға мониторинг жүргізді. Нәтижесінде күдікті автоколік анықталды. Көп ұзамай қылмыскерлер ұсталып, қылмысты ізін суытпай аштық» - деп хабарлады Мұрат Ұрұмханов.

Сонымен қатар, облыс әкімдігінің қолдауымен Қапшағай қаласында 300 камера, Қарасай және Панфилов аудандарында 200 камера орнату жоспарымызда бар. Сонымен қатар, Текелі қаласында 300 бейнебақылау камерасын орнатып, жедел басқару орталығын салу жоспарлануда,- деп атап өтті тәртіп сақшылары.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: