Жаңалықтар тізбегі
0

Жақып Асанов: Судьялар төрағаларға, басшыларға тәуелді

stan.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.01.2019 17:11 stan.kz
Соттардың басшылары мен алқа төрағалары, облыстық соттың төрағаларының жұмысына өзгерістер енгізілетін болады.

Мәжілістің жалпы отырысында судьялардың тәуелсіздігін кеңейтуді көздейтін заң жобасы мұқұлданды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңының жобасы қаралды. Аталған құжатты депутаттарға Жоғарғы соттың төрағасы Жақып Асанов таныстырды.

"Сот жүйесі мықты заңгерлерге мұқтаж. Сондықтан біз оларға жағдай жасап, оларды жұмысқа тартуымыз керек. Қазіргі таңда Жоғары соттағы судья болу үшін маман аудандық, облыстық соттан өтуі керек. Оның 20 жылдық заңгерлік стажы болуы шарт. Әрине, ол орынды. Бірақ сол 20 жылдың 10 жылы сотта өтуі керек. Ал 10 жылдың кемінде 5 жылы облыстық сотта өтуі қажет, сондықтан біз білікті мамандар мен беделді ғалымдарға аталған кедергілерді алып тастауды ұсынып отырмыз. Саусақпен санарлық мықты мамандарды Елбасының өзі Сенатқа ұсынады. Оған Жоғары сот кеңесі араласпайды", - деді ол.

Осы орайда Жоғарғы соттың төрағасы аталған заң аясында соттардың басшылары мен алқа төрағалары, облыстық соттың төрағаларының жұмысына өзгерістер енгізілетінін жеткізді.

"Олар бір өңірден екінші өңірге ауысып, қызметте жүре беруіне шектеу жоқ. 30 жасында осы қызметке тағайындалады, 35 жасында облыстық соттың төрағасы болады. Кейін 65 жасқа дейін төраға болып жүре береді. Ешқандай шектеу жоқ. Төрағалық қызмет екі реттен аспауы керек деген талапты қойып отырмыз. Мысалы, облыстық соттың төрағасы қызметін атқару үшін 2 мерзім ғана берілсе деген ұсыныс бар. Себебі, бір рет төраға болған судья қайта-қайта бастық бола берсе, ол бара-бара командалық басқару әдісіне көшеді. Мұндай жұмыс стилі оның қанына сіңіп кетеді. Бұл жай судьядардың тәуелсіздігіне зиянын тигізеді", - деді Жақып Асанов.

Сонымен қатар ол облыстық соттың алқа басшыларының жұмысына өзгерістер енгізілетінін атап өтті.

"Бүгін оларды тағайындау үшін Жоғары сот төрағасының ұсынысы керек. Яғни менің ұсынысым керек. Олар конкурсқа түспейді. Біз ол дұрыс емес деп ойлап отырмыз. Олар конкурсқа түсуі керек. Оларға Жоғары соттың төрағасы ықпал жасамау керек. Ол басқалары сияқты конкурсқа түсуі шарт. Осылайша, бізде жеке Жоғары соттың төрағасы шешімімен қызметке лайықты азаматты таңдауға мүкіндік болады. Сот әділ әрі кәсіби болсын десек, біз оларға стимул беріп, мықты кадрларды тартуымыз керек", - деді Жоғарғы соттың төрағасы.

Сондай-ақ, Жақып Асанов әрбір судьяның тәуелсіздігін қамтамасыз ету өте маңызды екенін мәлім етті.

"Онсыз болмайды. Судьялардың тәуелсіздігі жағынан арнайы рейтинг бар. Соттарға жақсы жағдай жасау жағынан әлемде төртінші орында болсақ, ал әрбір судьяның тәуелсіздігі жағынан жағымсыз 139 елдің ішінен 79-орындамыз. Демек, бізге «сіздердің судьяларыңыз төрағаларға, басшыларға өте тәуелді. Сіздерде ішкі бағыныштылық басым» деп сын айтылады. Сондықтан осы бағыныштылықты алып тастау үшін біз бірнеше норманы ұсынып отырмыз", - деді ол.

Оның айтуынша, енді судьяларды іріктеу, бағалау, қызметін өсіру, жазалау комиссияларының қызметі жаңа форматқа көшеді.

"Біріншіден, олардың жұмыстары ашық болады. Біз жоғары аталған қызметтержің басым бөлігін Жоғары сот кеңесіне береміз. Өйткені, Жоғары соттың құрамында осы комиссиялар қара берсе, онда аудандық, облыстық соттағы судьялар Жоғары соттағы судьяларға тәуелді болады. Оған біз жол бермеуіміз керек. Сондықтан бұл комиссиялар Жоғары сот кеңесінің жанында болу керек. Жалпы кадрға қатысты мәселелер Жоғары сот кеңесінің құзырына өтуі тиіс. Түбінде Жоғары сот тек кассациялық инстанция болып қалуы тиіс", - деді Жақып Асанов.

Сөз соңында Жоғарғы соттың төрағасы халықтың сотқа деген сенімі ерекше назарда болуы қажет екенін атап өтті.

"Азаматтар бізге соңғы үмітін арқалап келеді. Бізден әділдік сұрайды. Халық сотқа өкпелесе, бүкіл билікке өкпелейді. Сотқа сенген ел келешегіне сенеді, тәртіпке бас иеді. Кәсібін уайымсыз жүргізеді. Балаларының болашағына уайымдамайды. Инвесторлар біздің экономикаға ақшасын аямайды. Экономика дамиды. Сондықтан біз жыл бойы жиі жиналыс өткіздік. Осының барлығын судьялардың құлағына құйып, санасын жаңғыртайық деп аталған жұмысты жүргізіп жатырмыз", - деп түйіндеді сөзін Жақып Асанов.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: