Ақтөбеде 1,5 млн теңге пара алған мемлекеттік қызметкер 4 жылға сотталды

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.01.2019 22:21 Zakon.kz
Ол Ақтөбе облыстық перинаталдық орталығының бас дәрігерінен ақша сұраған.

Ақтөбеде облыстық ішкі мемлекеттік аудит департаменті бастығының орынбасары Қалмағамбет Рахметов пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қалалық сотында мемлекеттік қызметкер Қалмағамбет Рахметовке қатысты Қылмыстық кодекстің "Пара алу" бабымен үкім шықты. Судья Е.Әбдіхалықов сотталушы Қ.Рахметовті 1,5 миллион теңге пара алғаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Іс материалына сүйенсек, сотталушы Қалмағамбет Рахметов 2018 жылдың 4 қазан күні өз кабинетінде ұсталды. Ол Ақтөбе облыстық перинаталдық орталығының бас дәрігері Асхат Балықовтан ақша сұраған. Облыстық ішкі мемлекеттік аудит департаменті дәл сол кезде аталған орталықты тексеріп, қорытынды шығарған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: