Павлодарда ВАЗ маркалы 12 көлікті ұрлады деген күдікпен екі жігіт ұсталды

Comments.ua, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.01.2019 22:40 Comments.ua
Тұтқындалған азаматтарға қатысты сот алды тергеу жұмыстары басталды.

Павлодар қаласы Полиция басқармасының Криминалдық полиция қызметкерлері автокөлікті ұрлады деген күдікпен 21-27 жастағы екі ер адамды ұстады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

"Олар көбінесе ВАЗ маркалы автомашиналарды назарға алған. Сондай-ақ, аккумулятор ұрлады деген күдікпен төрт факті тіркелді. Ұрлық қазан айынан бастап қаңтарға дейін Павлодар қаласында және облыс аудандарында жасалған. Машиналар бөлшектелген түрде алынды", - деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта Қазақстан |Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ұсталғандардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысты бар-жоғы тексерілуде. Күдіктілер Павлодар қаласының уақытша ұстау изоляторына тоғытылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: