Жаңалықтар тізбегі
0

Дәрігерлер қатерлі ісіктің ең ауыр түрлеріне қарсы ем ойлап тапты

sputniknews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.01.2019 15:31 sputniknews.kz
Зерттеу барысында анықталғандай, дерттің ағзаны меңдеп кетуіне мүлдем жол бермей, жойып жіберуге болады.

АҚШ-тағы Оңтүстік Калифорния университетінің генетик ғалымдары мен онколог дәрігерлері анықтағандай, қатерлі ісіктің ең қауіпті түрлерінің (мәселен, миелобласттық лейкоз) өз "биологиялық сағаты" бар, ал осы механизмнің қызметін бұзу аурудың меңдеп кетуінің алдын алып қана қоймай, аз уақыт ішінде рак жасушаларының әлсіз тұстарын табуға мүмкіндік береді, деп жазады sputniknews.kz.

Eurek Alert хабарлағандай, дерттің ағзада тарала бастауына кедергі келтіру мақсатындағы алғашқы тәжірибелер көрсеткендей, GO289 молекулаларын пайдалану рак жасушаларының "өмір сүру ритмін" бұзып, оларды "ұйықтатып тастайды", сондықтан қазірдің өзінде қолда бар дәрі-дәрмектердің көмегімен аурудың көзін жоюға болады.

Зерттеушілердің түсініктемесіне сүйенсек, GO289 өте күшті ұйықтататын дәрі сияқты әсер етеді – рак жасушаларының қорғаныс функцияларын өшіріп, науқасты тезірек емдеуге мүмкіндік береді, бұл тышқандарға жасалған зертханалық тәжірибелер барысында бірнеше рет дәлелденді.

Ғалымдар GO289 молекуласының рак жасушаларының метаболизміне, сондай-ақ олардың ағзада таралуына жауап беретін басқа функцияларына теріс ықпал ететінін дәлелдеген.

Бұдан бұрын Пенсильвания университетінің мамандары адам иммунитетін рак жасушаларын тауып, жоюға мәжбүрлеудің жолын тапқан болатын.



zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: