Жаңалықтар тізбегі
0

Мектеп дәретханасында құрдастарын аяусыз соққыға жыққандардың кім екендіктері анықталды

liter.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.01.2019 20:33 liter.kz
Жапа шеккен оқушының ата-анасынан полицияға ешқандай арыз түспеген.

Тергеу алды тексеріс жұмыстарының барысында полиция қызметкерлері мектеп дәретханасында құрдастарын аямай соққыға жығып, оны видеоға түсірген жасөспірімдердің кім екендіктерін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ІІМ Ішкі және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алмас Садубаевқа сілтеме жасап.

"Анықталғандай, оқиға осыдан тура бір жыл бұрын, 2018 жылы 10-қаңтар күні Қызылордада болған екен. Ол кезде жапа шеккен оқушының ата-анасынан полицияға ешқандай арыз түспеген. Қазіргі таңда қылмыс белгілері бойынша ҚР ҚК 293-быбының 2-бөліміне (Бір топ адам болып бұзақылық жасау) сәйкес сот алды тергеу шаралары басталды. Аталған бап бас бостандығынан 5 жылға дейін айыруды немесе дәл осы мерзімге бас бостандығын шектеуді көздейді", - деді Алмас Садубаев.

Мектеп оқушысын дәретханада соққыға жығу жайлы видео 23-қаңтар күні тараған. Мұның барлығы Түркістан облысында орын алған деп болжанған еді. Бұдан алдын аталған облыста дәл осы сияқты оқиғаға қатысты тергеу басталған болатын.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: