Жаңалықтар тізбегі
0

Елімізге белгілі журналист қайтыс болды

Ашық дереккөздерден, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.01.2019 17:55 Ашық дереккөздерден
Журналист аурудан көз жұмған.

Елімізге белгілі журналист, «Ақ жайық» басылымының негізін қалаушы Әбділдә Мұқашев өмірден озды. Бұл жайында аталмыш басылымның бас редакторының кеңесшісі Сабыр Қайырханов мәлімдеді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі kaztag.kz сайтының мәліметіне сүйене отырып.

Оның айтуынша, журналист Атырау қаласында сенбі күні аурудан көз жұмыпты. Жерлеу рәсімі 29 қаңтар күні өткізіледі екен.

Әбділдә Мұқашев – жасы 58-де, Атыраудың тумасы. Ол Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тәмамдап, еңбек жолын типографиядан бастаған, кейіннен "Прикаспийская коммуна" газетінде тілші болып қызмет атқарған.

"Ол 1991 жылы "Ақ жайық" газетін шығарып, кейіннен аталмыш басылым тәуелсіздік жылдарында Атырау жаңалықтарын шығаратын жергілікті басылымға айналды. Сондай-ақ, сөз бостандығы мен қазақстандықтардың құқығын қорғайтын газет болды. "Ақ жайық" газеті бүгінде республика көлемінде өзіндік аудиториясы мен беделі бар басылымдардың біріне айналған. Мұның бәрі, әрине, Әбділдә Мұқашевтің еңбегінің арқасында. Оның өмірден озғаны – отандық журналистикада орны толмас қаза", - дейді Журналистер одағының басшысы Сейтқазы Матаев.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: