Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

wikipedia.org, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.01.2019 15:17 wikipedia.org
Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің күшейюі сақталады, оңтүстікте шаңды дауыл болады.

Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз, тек батыста, солтүстік-батыста және оңтүстікте тұрақсыз ауа райы күтіледі, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын болады. Бұл туралы zakon.kz, Қазгидромет орталығы берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің күшейюі сақталады, оңтүстікте шаңды дауыл болады.

Қызылорда, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман болады.

Қостанай облысының кей жерлерінде түнде және таңертең көктайғақ, кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі, желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с жетеді.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болып, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: