Қазақстанда ақша жымқырған күдікті Өзбекстаннан экстрадицияланды

Sputniknews.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 29.01.2019 17:16 Sputniknews.kz.
Ұсталған адам 2005-2009 жылдарда "БТА Банк" АҚ-дан аса ірі мөлшерде ақша жымқырды деп айыпталған.

Бас прокуратура мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының қызметкерлері қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Өзбекстаннан Артур Трофимовты экстрадициялады. Бұл туралы Zakon.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұсталған адам 2005-2009 жылдарда "БТА Банк" АҚ-дан аса ірі мөлшерде ақша жымқыруға сыбайлас қатысқаны үшін және оны заңдастыруда (жылыстатуда), сондай-ақ ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, оны басқарды деген күдік келтірілді.

Оны экстрадициялау қазақстандық құқық қорғау органдарының өзбек әріптестерімен бірлесе отырып үйлесімді әрекет жасауының арқасында мүмкін болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: