Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда алаяқтық жасаған әйелге қатысты үкім шықты

news.tut.by, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.01.2019 18:29 news.tut.by
Сотталушы рақымшылық талаптарына сәйкес негізгі мерзімнің жартысын ғана өтейтін болады.

Алматының Алмалы аудандық соты алаяқтық жасады деген әйелге қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ағымдағы жылы 30-қаңтар күні Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының үкімімен Ордабаева Феруза Қазақстан Республикасы ҚК 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалған.

Қазақстан Республикасы ҚК 58-бабының 6-бөлігіне сәйкес, осы үкім бойынша тағайындалған жазаға Алматы қаласының Алмалы аудандық сотының 2016 жылғы үкімімен тағайындалған жазаның өтелмеген бөлігін ішінара қосып Ф. Ордабаева түпкілікті түрде 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы кесілген.

"ҚР "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" 2016 жылғы 13-желтоқсандағы Заңының 4-бабы 1-тармағының 2-тармақшасына сәйкес, кесілген үкім жартысына дейін қысқартылып, оған түпкілікті түрде 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - делінген хабарламада.

Сотталған Ф.Ордабаева жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтейтін болады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: