Алматы ұрлық бойынша республика көлемінде бірінші орында тұр
Сенат депутаттары елімізде өршіп тұрған ұрлыққа қатысты алаңдаушылық білдіріп, Премьер-министр Б. Сағынтаевтың атына сауал хат жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Депутаттық сауалға бұқаралық ақпарат құралдарында көптеген жарияланымдар және әлеуметтік желілерде бөтен мүлікті ұрлаудың жиілеп кеткен фактілері туралы талқылау себеп болып отыр. Қылмыс деңгейінің өсуі азаматтардың белгілі бір наразылығын тудыратыны жалпыға мәлім. Қоғамдық резонанс жасайды және азаматтардың құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдарға деген сеніміне күмән келтіруде. Бөтеннің мүлкін ұрлау, атап айтқанда пәтер ұрлығы мен мал ұрлығы ерекше алаңдаушылық тудырады", - дейді депутат Нұрлан Қылышбаев.
Аталған қылмыс түрлері азаматтардың жеке аумағына және тұрғын үйлеріне енуімен байланысты, бұл материалдық зиян келтіруден басқа азаматтардың денсаулығына моральдық-психологиялық зиян келтіреді. Мүліктен басқа, онда тұратын отбасы мүшелерінің өмірі мен денсаулығына елеулі қауіп төндіретін өз тұрғын үйінің қауіпсіздігі мен қорғалу сенімділігі төмендейді.
Депутаттың айтуынша, келтірілген залал, атап айтқанда мал ұрлығынан түскен зардап жүздеген мың тенгені құрайды. Тіпті қылмыскерді ұстаған жағдайда да, ұрланған малды тауып, қайтарып алу әрдайым мүмкін емес.
"Бүгінгі таңда Алматы облысында өте күрделі және үрейлі жағдай қалыптасып отыр. 2018 жылы тіркелген қылмыстар саны бойынша бұл аймақ республика көлемінде екінші орында, ал Алматы қаласы бірінші орында тұр. Сонымен қатар, 2018 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген көрсеткіш 27 678 фактіні құрады, 2017 жылмен салыстырғанда 6,3%-артып отыр", - дейді депутат.
Алаңдаған азаматттар өз бетімен патрулдеу, қылмыскерді іздестіру және ұстау сияқты тағы басқа шаралар қабылдауға мәжбүр, бұл шаралар қылмыскер үшін де және ізгі азаматтар үшін де күтпеген салдарға әкеп соғуы мүмкін.
Ұрлық деңгейі айтарлықтай дәрежеде қылмыстық жолмен алынған мүлікке деген сұранысқа байланысты. Сатуға қарсы күрес және ұрланған мүлікті сатып алу және сату үшін жауапкершілік туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілмеуінің салдарынан болып отыр.
"2018 жылдың қорытындысы бойынша Алматы облысының аумағында 17 350 бөтен мүлікті ұрлау фактісі тіркелді. Республикалық көрсеткіштер бойынша ұрлықтың ең көп көрсеткіші тек Алматы қаласына ғана жол беретін Алматы облысына тиесілі. Бұл ретте аталған қылмыстардың ашылу көрсеткіші өткен жылы тек 32% - ды құрады. Соның ішінде 1 338 мал ұрлығы, оның 44% - ы ашылды, келтірілген материалдық шығын 157 миллион теңгені құрайды, 1 843 бас мал ұрланды. Облыс бойынша 422 адам ұсталып, оның 239-і бұрын осы ұрлық жасағаны үшін тартылған, бұл 57%. Әрбір үшінші мал ұрлығы жеке аулада жасалған", - деген статистика ұсынды халық қалаулысы.
Депутаттың айтуынша, осы мәлімдемелерді ескере отырып, қылмыстық жолмен алынған мүлікті сатып алуды және сатуды жүзеге асыратын топ құрамында қылмыс жасаған адамдарға қатысты бөтеннің мүлкін қайталап ұрлау жағдайлары үшін жазаны қатаңдату жөнінде шаралар бойынша ұсыныстар енгізу қажет.
"Мал басын есепке алуды және бірдейлендіруді күшейту (таңбалау, сырғалау,чиптеу) ветеринариялық анықтамалар мен паспорттарды беруді қатаң бақылауға алып, қажетті шаралар қабылдау қажет. Тиісті органдар күдіктілерге қатысты неғұрлым қатаң бұлтартпау шараларын қолдану қажет. Көп жағдайда күдіктілерге қатысты "ешқайда кетпеу туралы қолхат" немесе "кепіл" қолданылады. Осы себептен ұрлық жасауда негізделген күдіктілердің 5 мыңнан астам адам бостандықта қалуда. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босатылған адамдарды әлеуметтік бейімдеу және оңалту жөніндегі пробация қызметінің жұмысын күшейту қажет", - деп ойын түйіндеді Нұрлан Қылышбаев.