Жаңалықтар тізбегі
0

Жол ережесіне қарсы: Алматылық заңгер қалалық жол басқармасын сотқа берді

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.02.2019 17:55 Pixabay
Егер сотта жеңілсем, апелляциялық шағым түсіремін - заңгер.

Жылдамдықты төмендетуге қарсы. Алматылық заңгер Әмір Бегдесенов қалалық жол басқармасын сотқа берді. Бұл туралы Zakon.kz КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

15 қаңтардан бастап Алматыдағы ең ірі Әл-Фараби даңғылы, Сайын көшесі және Шығыс айналма жолында жылдамдықты сағатына 60 шақырымнан асыруға болмайды. Алматыдағы жылдамдыққа шектеу қоюдың басты себебі адам өліміне әкелетін жол апаттарының алдын алу. Заңгердің пікірінше, әлемдік тәжірибеде тек қаланың орталығында ғана жылдамдық шектеулі. Ал, Әл-Фараби мен Шығыс айналма жолы республикалық маңызы бар трассалардың қатарына кіреді. Көлік жылдамдығы бәсеңдетілген трасслармен жиі жүретін Әмір Бегдесенов тиісті құжаттарды ауданық сотқа ұсынып, өз құқығын қорғамақ.

Әмір Бегдесенов, заңгер:

-Мені бұл көшелердегі жүргізушілердің қауіпсіздігі емес айыппұл көлемінің артуы алаңдатады. Бұдан өзге сағатына 60 шақырым десе басқалары 40 шақырымға дейін төмендетіп, ауаға бөлінетін газ көбейеді. Қалалық әкімдік пен полиция департаментін ереже енбей тұрып сотқа бергенмін. Бүгін өз дәлелдерімді сотқа ұсынамын. Егер сотта жеңілсем, апелляциялық шағым түсіремін.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: