Жаңалықтар тізбегі
0

Қапшағайда ұрлық жасаған қылмыстық топ құрықталды

Алматы облысы ПД Баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.02.2019 22:09 Алматы облысы ПД Баспасөз қызметі
Жәбірленушілерге келтірілген шығынның жалпы көлем - 600 мың теңге.

Қапшағайда ұрлық жасады деген күдікпен бұған дейін сотты болған алматылық төрт адам қолға түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қапшағай полицейлері пәтер ұрлығын жасаған кезекті қылмыстық топты қолға түсірді. 25-32 жас аралығындағы 4 азаматтан құралған топты құрықтау кезінде қылмысты дәлелдейтін айғақзаттар табылды.

Ұсталған күдіктілердің Алматы қаласының тұрғындары екені және бұған дейінде осындай қылмыс жасағандықтары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғандары анықталды.

"Күдіктілер Қапшағай қаласынан шыға берісте тұтқындалды. Олардың автокөлігінен екі ноутбук және қала тұрғындарынан бұған дейін ұрланған басқа да заттар табылды. Қазіргі уақытта күдіктілер 6 бөтеннің мүлікін ұрлау дерегіне қатысы бар деген күдікке ілініп отыр. Оның бесеуі – Қапшағай қаласында, біреуі – Заречное ауылында жасалған. Жоғарыда аталған қылмыстардың барлығы көпқабатты үйлердегі пәтерлердің есік кілттерін іріктеу арқылы жасалғаны белгілі болды",- деп хабарлайды Қапшағай қаласы бойынша полиция бастығының орынбасары Азамат Тұрғынбаев.

Анықталған фактілер бойынша келтірілген материалдық шығын 600 мың теңгені құрап отыр. Бұл іс бойынша бүгінгі таңда ҚР ҚК 188-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда. Сонымен қатар, күдіктілердің осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатысының барлығы тексерілуде.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: