Еліміздің бірқатар өңірлерінде мектептерде сабақ тоқтатылды

КазТАГ, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.02.2019 15:41 КазТАГ
Сабақ қатты аязға байланысты өтілмейді.

6-ақпан күні Қостанай, Павлодар, Қарағанды және Астана мектептерінде сабақ тоқтатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Павлодар білім бөлімінің ақпаратынша, бірінші ауысымда білім алатын 1-9 сынып оқушыларына сабақ болмайды. Ауа температурасы минус 30° төмендеп, желдің жылдамдығы секундына 7 метрге жеткен.

Ал Қостанайда сынап бағанасы 32° дейін төмендейді деп күтіліп отыр. Бірінші ауысымда оқитын 0-11 сынып оқушылары мен колледждердің 1-курс студенттеріне сабақ тоқтатылған.

"6-ақпан. Ауа температурасы -24-26°. Желдің жылдамдығы секундына 4-5 метр. Сабақ 0-4 сынып оқушыларына өтілмейді",- делінген Қарағандының Білім бөлімінің сайтында.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: