БҚО егде жастағы әжейді тонаған қылмыскер ұсталды

mvddnr.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.02.2019 23:40 mvddnr.ru
Қаскөйге қатысты сот алды тергеу жүріп жатыр.

БҚО-ның полиция қызметкерлері егде жастағы әжейді тонаған қылмыскерді ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Батыс Қазақстан облысы ПД баспасөз қызметінің ақпаратынша, 4 ақпан күні сағат шамамен 17.00-де белгісіз біреу Гагарин көшесінде орналасқан 99-үйдің ауласында зорлық көрсету арқылы 1945 жылы туған әйел адамға тиесілі "Homtom HT16" маркалы ұялы телефонын ұрлап кеткен.

"Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Орал қаласы ПБ жол-патрульдік полициясы батальонының қызметкерлері аталған қылмысты жасады деген күдікпен 1981 жылы туған азаматты анықтап, ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды",- деп атап өтті тәртіп сақшылары.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша ҚР ҚК 191-бабының 2-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: