Жаңалықтар тізбегі
0

Әуезов атындағы ОҚМУ университеті ауқымды жобаны қолға алды

Әуезов атындағы ОҚМУ баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.02.2019 22:11 Әуезов атындағы ОҚМУ баспасөз қызметі
Университет әлемнің 80 жоғары оқу орнымен ынтымақтастық орнатқан - Қожамжарова.

Еліміздегі іргелі білім ұясы, отандық жоғары оқу орындары арасында үнемі үздік үштіктің қатарына көрініп келе жатқан М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті Орта Азия елдерінде филиалдарын ашып, өңірлік жоғары білім берудің хабына айналуды көздеп отыр. Бұл туралы Zakon.kz университеттің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Оқу орнының алғашқы филиалы жаңа оқу жылынан бастап Өзбекстанда жұмысын бастамақ. Сондай-ақ екі өкілдік Ақтөбе мен Қарағанды қалаларында ашылады деп күтілуде.

Бұл – университет ректоры, академик Дария Қожамжарова бастаған делегацияның Өзбекстан астанасы Ташкент қаласына жасаған арнайы іс-сапар нәтижесінде белгілі болды. Сапар аясында қазақстандық делегация өкілдері Өзбекстан Республикасының Жоғары және орта арнаулы білім министрі Ином Маджидов және Өзбекстан ұлттық университетінің ректоры Аваз Марахимовпен кездесті.

Кездесуде Дария Пернешқызы білім ордасы турасында сөз қозғап, тараптар өзара қарым-қатынастарды нығайтуға бағытталған іс-шараларды дамыту мәселелерін талқылады. Сонымен қатар екіжақты кездесу барысында М. Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Өзбекстанда филиалын ашу жайы кеңінен әңгімеленді.

– Университет әлемнің 80 жоғары оқу орнымен, мекемелер мен ғылыми-зерттеу институттарымен ынтымақтастық орнатқан. Олардың қатарында АҚШ, Канада, Германия, Ұлыбритания, Бел­гия, Аустрия, Франция, Үнді­с­тан, Испания, Венгрия, Поль­ша, Чехия, Норвегия, Жапо­­ния, Қытай, Оңтүстік Корея, Түркия, Малайзия, Ресей, Украина, Белоруссия, Өзбек­стан мен Қырғызстанның іргелі оқу орындары бар. Мысалы, бүгінде Әуезов университеті Өзбекстанның 15 жоғары оқу орнымен әріптестік аясында жұмыс істеуде, – деді Д. Қожамжарова.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.02.2019 22:11

Өз кезегінде өзбекстандық әріптестер екі елдің жоғары оқу орындары арасындағы байланыстың арта түсетіндігіне сенім білдіріп, ынтымақтастықты дамытуға ниетті екендігін жеткізді.

ОҚМУ ректоры Дария Қожамжарованың айтуынша, қазақстандық жоғары оқу орындарының арасында алғаш рет жүзеге асырылып отырған бұл бастама – 75 жылдық тарихы бар қарашаңырақтың басты стратегиялық бағдары.

–Біз ғылыми-инно­вацияның ғасырында өмір сүріп отырмыз. Бүгінде түрлі дең­гей­дегі оқу бағдарламалары бар. Оның барлығын жасайтын оқы­тушы-профессор құрамы. Менің стратегиялық жос­парым – ОҚМУ-дің Орта­лық Азияда филиалын ашу. "ХХІ ғасырда білім мен ғы­лы­­мын дамыта алмаған ел ты­­ғы­рық­қа тіреледі" деген қағи­­даны басты ұстанымы еткен Ел­басы Нұрсұлтан Назарбаев өзі­нің Жол­­дау­ларында техника­лық жəне кəсіптік білім жүйе­сін ба­рын­ша дамыту керектігіне жете мəн беріп келеді. Мемлекет басшысының бұл бастамасын нақты іске асыруға Әуезов университетінің толықтай мүмкіндігі бар, – деп атап өтті университет ректоры.

Оқу орнының басшысы университеттегі білім сапасын жақсарта түсу, материалдық-техникалық-базаны нығайту бағытында бірқатар ауқымды жоспар жасап отырғанын айтады. Бастық мақсат – ОҚМУ-ды Оксфорд, Кембридж сынды әлемнің алдыңғы қатарлы оқу орны деңгейіне көтеру.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: