Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбелік дәрігерлер 11 айлық шалқарлық баланың тамағында тұрып қалған жаңғақты алды

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.02.2019 19:50 Pixabay
Отадан кейін нәрестенің жағдайы қалпына келген.

Ақтөбелік балалар хирургі мен эндоскопист санитарлық авиациямен Шалқарға ұшып барып, баланың өмірін аман алып қалды, деп хабарлайды Ақтөбеньюс Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалына сілтеме жасап.

"Қаңтар айының аяғында баласының дем жетпей, көгеріп кеткенін анасы байқап, аудандық ауруханаға келді. Баланың тыныс жолы бітеліп қалды деген болжаммен рентгенге түсірдік. Болжам расталды. Сосын Ақтөбедегі санавиация мамандарынан кеңес сұрадық. Олар реанитомологпен бірге баланы Ақтөбеге әкелу керектігін айтты. Бірақ Шалқардың жалғыз реанитомологі Ақтөбеге шыға алмады. Сөйтіп, Ақтөбенің балалар хирургі мен эндоскописі Шалқарға келді. Дәрігерлер баланың тыныс жолынан жаңғақты алды. Содан кейін баланың жағдайы жақсарды", — дейді Шалқар аудандық ауруханасының хирургия бөлімінің меңгерушісі Төребек Ерниязов.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: