Жаңалықтар тізбегі
0

Алаяқтар электронды цифрлық қолтаңбаны бұзып, көлікті басқа біреуге қалай рәсімдейді

turkystan.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.02.2019 23:55 turkystan.kz
Электронды цифрлық қолтаңбаға қатысты алгоритмнің криптоқауіпсіздігі төрт-бес жылға жетеді.

Қазақстанда электронды цифрлық қолтаңба үш жылға беріледі. Одан кейін парольды жаңарту қажет. Онсыз алаяқтар электронды цифрлы қолтаңбаны бұзып, адамның жеке мүлкін басқа біреудің атына жазып бере алады, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

"Ұлттық ақпараттық теxнологиялар" АҚ басқарма басшысы Әсет Тұрысовтың айтуынша, мерзімсіз электронды цифрлық қолтаңбаны да шығаруға болады. Бірақ ондайда қолтаңбаның қауіпсіздік деңгейі төмен болады. Бүгінде әлем бойынша электронды цифрлық қолтаңба ең көп дегенде бес жылға беріледі.

"Біз әлемдік тәжірибені жан-жақты зерделеп шықтық. Сөйтіп, Қазақстандағы электронды цифрлық қолтаңбаның мерзімін үш жылға шығарған дұрыс деп шештік. Сонда қауіпсіздік сақталады. Ал қолтаңбаны үйден шықпай-ақ жаңартып алуға болады. Ондай қызмет бар. Сондықтан қолтаңбаны алу үшін ХҚКО-ға бір рет барса да жеткілікті. Одан кейін қолтаңбаны үйден жаңартып отыруға мүмкіндік бар", - деді Ә.Тұрысов Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Компания басшының орынбасары Аxан Сармановтың сөзіне қарағанда, электронды цифрлық қолтаңбаға қатысты алгоритмнің криптоқауіпсіздігі төрт-бес жылға жетеді.

"Бұл дегеніміз, төрт-бес жылдан кейін электронды цифрлық қолтаңбаны бұзуға болады. Осы уақыттың ішінде xакерлер оның паролін таба алады. Мәселен, өткен жылы egov порталында көлікті рәсімдеу қызметі іске қосылған болатын. Кез келген адам өзінің электронды цифрлық қолтаңбасын пайдаланып, көлікті басқа біреудің атына аудара алады. Демек, алаяқтар төрт-бес жылдың ішінде қолтаңбаның паролін тауып кетсе, көлікті басқа біреудің атына оп-оңай жазып бере салады. Сол себепті қазіргі электронды цифрлық қолтаңбаны үш жыл сайын жаңартып отыру қажет", - деп атап көрсетті А.Сарманов.

"Ұлттық ақпараттық теxнологиялар" АҚ мәліметіне сәйкес, өткен жылы қауіпсіздік жүйесінде миллиондаған шабуылдар тіркелді. Осыған байланысты биыл ҚР ҰҚК Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығымен бірлесе отырып, кибершабуылдарға қарсы арнайы орталықты құру жоспарланып отыр.

Айта кетейік, "Ұлттық ақпараттық теxнологиялар" АҚ жеке құжаттардың электронды қоймасын да іске қосуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, компанияның бірнеше функциясын бәсекелестік ортаға беру жоспарланған. Оның ішінде eGov-тың 1414 байланыс орталығы да бар. Бұдан бөлек, мемлекеттік органдардың сайттарын бір порталға біріктіру қолға алынған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: