Тараздық полицейлер иіс тиген екі адамды құтқарып қалды
Pixabay
Оқиға орнына дереу жеткен тәртіп сақшылары жедел түрде үй иелерін терезе арқылы алып шыққан.
Таразда полияция қызметкерлері ерлі-зайыпты екі тұрғынды өлім аузынан аман алып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz "Хабар 24" арнасы таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.
Оқиға Шөлдала алқабындағы тұрғын үйлердің бірінде болған. 50 және 52 жастағы тұрғындар көмірмен жылытылатын пештен шыққан улы газға уланып қалған. Шақыртуға жол-патрульдік полиция қызметкерлері жетіп, жедел түрде үй иелерін терезе арқылы алып шыққан. Абырой болғанда екеуі де дін аман.
"Санаулы минуттарға кешіккенде, қос тұрғын бақилық болар еді", – дейді тәртіп сақшылары.
Зардап шеккендердің екеуі де ауруханаға жеткізіліп, медициналық жәрдем көрсетілді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript