Еліміздің аумағына аномальды жылудан кейін қайтадан суық келеді
pxhere.com
Көктемгі процестерге тән барикалық құрылымдардың тез ауысуын ақпан айында байқаймыз.
"Қазгидромет" РМК 2019 жылғы 21-23 ақпанға арналған ауа-райы болжамын жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Көктемгі процестерге тән барикалық құрылымдардың тез ауысуын ақпан айында байқаймыз. Өткен тәулікте қар жауып, боран, күшті батыс желдері және Қазақстанның көптеген облыстарда жылу тудырған циклон Батыс Сібірдің оңтүстігіне қарай жылжыды", - делінген ауа-райы болжамында.
Оның орнына Ресейдің Еуропалық бөлігінің оңтүстік-батыс аудандарынан антициклон жылжып, онымен бірге жауын-шашын тоқтап және ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Бірақ ол ұзақ емес. Қазақстанға кезекті жауын-шашын мен жылу әкелетін келесі Атлантикалық циклон қалыптасуда.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript