Назарбаев үкіметті отставкаға жіберу туралы қаулыға қол қойды
Президент Нұрсұлтан Назарбаев 21-ақпан күні мемлекет үкіметін отставкаға жіберу туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан Республикасының Үкіметі туралыҚазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнынан түсуі қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі міндеттерін уақытша атқару Асқар Ұзақбайұлы Маминге жүктелсін.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра берсін.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан үкіметі соңғы рет 2015 жылы сәуір айында кеткен болатын. Ол кезде министрлер кабинетін Кәрім Мәсімов басқарған еді. Үкіметті отставкаға жіберу туралы Қаулыға 2015 жылы 29-сәуірде қол қойылған.