Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында қарақшылықпен айналысқан қылмыстық топ қолға түсті

donday.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.02.2019 16:46 donday.ru
Күдіктілер қамауға алынды.

Алматы облысының тәртіп сақшылары бірнеше дүкенге қарақшылық шабуыл жасаған қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Топ құрамында төрт азамат болған. Олар қаңтар айынан бері Қарасай ауданында қылмыстық әрекеттерін жүзеге асырған. Ұсталғандардан қару, бетперделер және арнайы бөлімшелерге арналған айрықша белгілері жоқ киімдер тәркіленді.

"Күдіктілердің жеті қарақшылық дерегіне қатысының барлығы дәлелденді. Олар кешқұрым дүкендерге қарақшылық шабуыл жасап, сауда нүктелерінің табысын әкетіп отырған. Кәсіпкерлерге келтірілген материалдық шығынның сомасы шамамен 500 мың теңгені құрайды. Күдіктілерден тәркіленген шолақ тегіс ұңғылы аңшы мылтығы, сондай-ақ киімдер айғақзат ретінде іс материалдарына тіркелді. Аудандық соттың санкциясына сәйкес екі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды",- деп хабарлап отыр Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Облыстық полицияның ақпаратына сәйкес, күдіктілердің өңірде болған өзге де қылмыстарға қатысы анықталуда. Тәркіленген шолақ мылтық сараптамаға жолданды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: