Премьер-министр лауазымына Мамин тағайындалды
ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Үкіметтің жаңа басшысы қызметіне Асқар Маминнің кандидатурасын мақұлдады, – деп хабарлайды Zakon.kz.
Мамин Асқар Ұзақбайұлы 1965 жылы 23 қазанда Целиноградта дүниеге келген.
Целиноград инженерлік-құрылыс институтын (1987) бітірген, инженер-құрылысшы; РФ Үкіметі жанындағы Халық шаруашылығы академиясын (2003) бітірген, экономист. Техникалық ғылымдар кандидаты.
Еңбек жолы:
• Монтаждаушы, "Целинтяжстрой" трест мастері (1987-1988);
• Целиноград облисполкомының Ішкі істер басқармасында қызмет етті (1988-1991);
• Қазақстанның инновациялық кәсіпорындары одағы Бас директорының орынбасары (1991-1993);
• "Интер-Ишим" БК бас директоры (1993-1996);
• Ақмола (Астана) қаласы әкімінің бірінші орынбасары (1996-2000);
• Ақмола Арнайы экономикалық аймақ әкімшілік кеңесі Төрағасының орынбасары (1998-2000);
• ҚР Көлік және коммуникациялар вице-министрі (08.2000-02.2002);
• ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі Автокөлік жолдары комитетінің төрағасы (11.2000-02.2001);
• "Инком-Астана" ЖШС Бас директоры (06.2002-22.06.2003);
• ҚР Индустрия және сауда министрлігінің бірінші вице-министрі (23.06.2003-14.05.2004);
• ҚР Көлік және коммуникациялар министрі (25.08.2005-20.09.2006);
• Астана қаласының әкімі (21.09.2006-04.04.2008);
• "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ президенті (04.04.2008-09.2016);
• ҚР Премьер-министрінің Бірінші орынбасары (09.09.2016 бері).
Өзге де лауазымдары:
• "Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі (07.2003-07.2004);
• "Қазақстанның даму банкі" ЖАҚ директорлар кеңесінің мүшесі (08.2003-10.2004);
• "Kazakhstan Engineering" Ұлттық компаниясы" ААҚ директорлар кеңесінің мүшесі (11.2003-07.2004);
• Халықаралық астаналар мен ірі қалалар ассамблеясының (МАГ) вице-президенті (28.09.2007);
• "НҰР ОТАН" ХДП-ның Мәжіліс жанындағы Фракциясының мәслихаттар мен азаматтық қоғам институттарымен байланыс жөніндегі кеңес мүшесі (27.12.2007);
• ҚР Шайбалы хоккей федерациясының президенті (10.2008, 09.2012, 12.2016 ж. қайта сайланды);
• ҚР Президенті жанындағы Ұлттық инвесторлар кеңесінің мүшесі (11.2008-05.2010);
• ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Көлік, логистика және байланыс комитетінің төрағасы (02.2014-2016)
• "ҚТЖ" ҰК" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі (21.06.2015-09.2016);
• "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ Басқарма төрағасы (08.2016-12.2018);
• Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесіндегі өкілі (07.10.2016 бастап).
Партия мүшелігі:
• "Нұр Отан" ХДП Саяси кеңесінің мүшесі;
• "Нұр Отан" ХДП Астана қалалық филиалының төрағасы (2006-05.2008)
Мемлекеттік және халықаралық наградалары, премиялары, құрметті атақтары:
• "Құрмет" ордені (2006), "Барыс" 2-д. (2011), Франция Республикасының Құрметті Легионы (2013), Испания Корольдігінің "Азаматтық еңбектері үшін" бірінші дәрежелі (2014);
• Мерейтойлық медальдар, "Ерен еңбегі үшін" (1998), "Астанаға 10 жыл" мерейтойлық медалі (30.06.2008);
• Астана қаласының құрметті азаматы (2011), Құрметті теміржолшы (2012), Қазақстанның құрметті құрылысшысы (2013)
Әскери қызметтері, әскери және арнайы атақтары, шендері:
• Запастағы полковник