Досаев үкіметпен қалай жұмыс істейтінін айтты
zakon.kz
Жұмыстың форматы "әлдеқайда тығыз" болады.
ҚР парламент сенатының пленарлық отырысында депутаттар ел президентінің Ұлттық банк басшысы лауазымына ұсынған Ерболат Досаевтың кандидатурасын қолдады. Досаев өз кезегінде жаңа жердегі жұмысын неден бастайтынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысы өз мәлімдемесінде үкімет пен Ұлттық банк арасында қажетті деңгейдегі өзара іс-әрекеттесудің жоқтығын атап өткен. Соның нәтижесінде экономиканың сапалық өсімін беретін нақты құралдар мен ынталандыру болған жоқ. Менің сұрағым, күн тәртібінде тұрған мәселелерді шұғыл түрде шешу үшін үкіметпен байланысты қалай орнатасыз?", – деп сұрады сенатор Дәурен Әділбеков.
Досаевтың айтуынша, ең басты мәселелердің бірі «экономикалық өсімге белсенді түрде атсалысу» болады.
"Мен үшін, үкімет мүшесі ретінде, Ұлттық банктің алдында тұрған басты міндеттердің бірі – экономикалық өсімге белсенді қатысып, атсалысу деп ойлаймын. Бұрын қолға алынған шаралар қаржы жүйесін тұрақтандыра алды, енді алдымызда тұрған мақсат, қаржы секторы өзінің экономиканың қаржылық доноры ретіндегі рөлін қайтадан өзіне алуы тиіс. Сол себепті үкіметпен тығыз жұмыс болады", – деп түсіндірді ол.
Қаржылық реттеуші органның жаңа тағайындалған төрағасы "жұмыстың форматы әлдеқайда тығыз болады", деп қосты.
"Барлық мәселелерді ай сайын кездесіп, талқылау жөнінде келістік. Ал Ұлттық банктің басқармасы мемлекет үшін тиімді шешімдер қабылданатын шын мәніндегі коллегиялық орган болады. Ал Ұлттық банк пен үкімет арасындағы сұрақтарға келсек, біздер екеуміз де мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру жолындағы әріптестерміз", – деп сөзін қорытты Ерболат Досаев.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript