Түркістандық кәсіпкер әйел қуырылған балмұздақ жасап шығарды

Хабар 24, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.02.2019 14:51 Хабар 24
Гүлбахар Жекеева мемлекеттік «Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша бір ай тегін курс оқып, өз жобасын ұсынған.

Түркістандық іскер келіншек қуырылған балмұздақ жасап шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Гүлбахар Жекеева мемлекеттік «Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша бір ай тегін курс оқып, өз жобасын ұсынған. Мамандардан кәсіпкерліктің қыр-сырын үйреніп, 240 мың теңгелік грантқа ие болған. Қажетті қаржы қолына тиген соң, 200 мың теңгеге балмұздақ жасауға арналған құрылғы, ал 40 мың теңгесіне қажетті шикізат пен жеміс-жидек сатып алды. Қазір істің көзін тапқан әйел кәсібін өркендетіп отыр.

«Таңсық дүниеге қызығушылық танытқандардың қатары күн санап артып келеді», – дейді ол.

– Маған балмұздақ қатты ұнады. Бұл жерге балмұздақ жеуге екінші рет келіп отырмын. Мұны қуырылған балмұздақ дейді екен. Басқа технологиямен көз алдыңызда дайындалады. Өте дәмді, – дейді студент Мәдина Сұлтанова.

– Технологиясын өзіміз біраз уақыт жүріп меңгердік. Оған 1-2 айдай уақыт кетті. Қазір менің қызым Құндыз үйреніп алып, жұмыс істеп жатыр. Басқа балмұздақтан айырмашылығы, бұл халықтың көз алдында қалаған нәрсесімен дайындалады, – деді кәсіпкер Гүлбахар Жекеева.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: