Жаңалықтар тізбегі
0

Полиция қызметкерлері Тараздағы ТЖ қатысты жалған ақпараттарды жоққа шығарды

arbuztoday.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.02.2019 23:42 arbuztoday.ru
Жамбыл облысының Полиция департаменті аймақ тұрғындарын үрейленбеуге, дүрбелең тудырмауға және ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырады.

Жамбыл облысының полиция қызметкерлері Ғаламторда тарған жалған ақпараттарды жоқға шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазіргі таңда Әлеуметтік желілер мен мессенджерінде бүгін таңертең Тараз қаласының мөлтек аудандарының бірінде орын алған оқиға бойынша жалған мәліметтер таратылуда. Атап айтқанда, тұрғын үй қабырғасы сөгіліп, жарылыс салдарынан 20-ға жуық адам қаза тапты деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді", - дейді аймақтық полиция баспасөз қызметі.

Ресми ақпарат көздеріне сәйкес, оқиға салдарынан алты адам түрлі дәрежеде жарақаттар алды, үш адам (екі әйел және бір ер адам) қаза болды. Зардап шеккен алты адамның үшеуі ауруханаға жатқызылды. Осы үйдің қалған тұрғындары аман-есен, сондай-ақ 300-ден астам адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Осыған байланысты Жамбыл облысының Полиция департаменті аймақ тұрғындарын үрейленбеуге, дүрбелең тудырмауға және ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: