Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысының бұрынғы әкімі жаңа қызметке тағайындалды

inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.03.2019 15:34 inform.kz
Ол Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары қызметіне келді.

Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев мемлекет басшысының бұйрығымен Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі қызметіне тағайындалды, - делінген ҚР Президентінің ресми сайтында.

Сонымен қатар, мемлекет басшысының Өкімімен Леонид Андреевич Прокопенко басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі қызметінен босатылды.

Жансейіт Түймебаев 1958 жылы 8-шілдеде бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

филология ғылымының кандидаты, профессор.

Қазақ мемлекеттік университетін, Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университетінің зан факультетін бітірген.

1980-1993 жылдары – Қазақ мемлекеттік университетінде оқытушы, доцент.

1993-1994 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бірінші хатшысы, бөлім бастығы.

1997-1999 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті протокол қызметінің бас сарапшысы, Қазақстан Республикасының Ыстамбұл қаласындағы Бас консулы.

1999-2006 жылдары – ҚР Президенті протоколының жетекшісі.

2004-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті протоколының жетекшісі – Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.

2006-2007 жылдары – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі.

2007-2010 жылдары Ресей Федерациясындағы Төтенше және өкілетті елшісі.

2010-2016 жылдары Қазақстанның Түркиядағы төтенше және өкілетті елшісі болып қызмет атқарды.

2016 жылғы 6 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалған болатын. Өткен жылы 20 маусымда қайта құрылған Түркістан облысына әкім болып тағайындалды

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: