Сирияда 150 содыр өз еркімен берілді

24 kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.03.2019 20:55 24 kz
Операция бейбіт тұрғындарға зияны тимес үшін баяу өтіп жатыр.

Ефрат өзенінің шығысындағы Багузда өтіп жатқан операция барысында 150-ден астам содыр өз еркімен күрд жасақтарына берілді, деп хабарлайды Zakon.kz "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

Бұл – Сириядағы "Ирак және Левант лаңкестік ұйымының" бақылауында қалған соңғы өңір. Багузды азат ету операциясын АҚШ қолдайтын коалиция жұма күні бастаған болатын. "Сирия демократиялық күштері" өкілдерінің хабарлауынша, содырлар миналанған автокөліктермен жасақталған. Ал бұл арада Сирия үкіметінің күштері халықаралық коалиция Багузда ақ фосфорды қолданды деп айыптап отыр. Жалпы, операция бейбіт тұрғындарға зияны тимес үшін баяу өтіп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: