Жаңалықтар тізбегі
0

Ташкентте Гульнар Каримова ұсталды

korrespondent.net, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.03.2019 15:01 korrespondent.net
Ол бостандығын шектеу жазасын жалпы тәртіп колониясында өтейтін болды.

Өзбекстанның тұңғыш президентінің үлкен қызы Гульнар Ташкентте ұсталып, қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол жазасын өтеу шарттарын бұзғаны үшін енді бостандығын шектеу жазасын жалпы тәртіптегі колонияда өтейтін болады.

2017 жылдың желтоқсанында Гульнар Каримова 10 жылға бас бостандығынан айырылған болатын, бірақ жарты жылдан кейін сот жазасын бес жылға өзгертті. Оның үйінен шығуына, сондай-ақ байланыс құралдарын пайдалануына тыйым салынған. Бірақ бірнеше айдан кейін Гульнар приставтардың бұл талабын бұза бастаған. 2018 жылдың қазан айында "Радио Озодлик" хабарлағандай, Каримова елден шығып, Дубайда болып қайтқан.

Гульнар Каримоваға салық төлеуден жалтару, ақша жымқыру, бопсалау, офшорлық компаниялардың құжаттарын жою айыптары тағылған. Содан кейін алаяқтық, шетел валютасын жасыру, кедендік заңдарды бұзу, сауда-саттық пен қызмет көрсету ережесін бұзу, жалған құжат жасау, қылмыстық жолмен келген табысты заңдастыру сияқты жаңа айыптар тағылған болатын.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: