Жаңалықтар тізбегі
0

Дудь қызыққан Айсұлтан. Орыстілді, бірақ қазақы болмысты жаңа ұрпақ

facebook.com facebook.com
22 жасында АҚШ пен Ресейдің атақты әншілеріне клип түсіріп үлгерген жас, дарынды жігітке тек тамсануға болады.

"Кеше түнде Айсұлтан Сейітовтың Ю.Дудьқа берген сұхбатын қарап шықтым. 22 жасында АҚШ пен Ресейдің атақты әншілеріне клип түсіріп үлгерген жас, дарынды жігітке тек тамсануға болады", деген пікірін әлеуметтік желіде журналист, продюсер Нұрмұхамед Байғараев жазады.

Бұлар жаңа ұрпақ. 20-25 жаста, орыстілді, бірақ қазақы болмысынан айырылмаған, идеологиялық установкаларды түсінбейді, әлемдік трендтерге ілеседі, оларға Алматы не Астанадан Сан-Францискоға не Лондонға бір күнде ұшып кетіп, сонда жұмыс істеу еш проблема емес. Себебі жаңа көзқарас, жаңа құндылық...

"Маған ең бастысы Дудьтың YouTube-тағы каналында Айсұлтан туралы ресейліктер мен қазақтардың пікірлері ұнады. Негатив коммент жоқ. Қазақтарымыз ешкімді аяғынан шалып, жамандамаған.

Өзгелері тек: респект, спасибо родителям за такого парня, скромный и талантливый парень, горжусь казахами, респект казахам, ощущение что половина Казахстана учиться в университетах Европы и Америки, без мата дегендей пікірлер. Негізінен, жазған ресейліктер. Олардың мұндай пікір жазуы өте сирек, себебі әдетте өз әртіс, журналистерін түгін қалдырмай сынап шығады.

Ал жеке өзіме Айсұлтанның 3 нәрсесі ұнады: әлемдік деңгейде клип түсіре алуы, кино саласындағы терең білімі және қоғамдағы қазіргі өзгерістерді бақылап, дөп басып, талдай алуы. "Подписчики превратились в новую валюту" дегені – дәл тауып айтылған сөз!", дейді журналист жазбасында.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: