Астанада көп балалы аналарға іс тігуді үйрететін шеберхана ашылды

24 kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.03.2019 21:59 24 kz
Әлеуметтік жоба қоғамдық қордың бастамасымен іске асты.

Астанада көп балалы аналар мен жұмыссыз жүрген әйелдерге іс тігуді тегін үйрететін шеберхана ашылды, деп хабарлайды Zakon.kz "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

Қазір онда 15 қыз-келіншек тігіншіліктің қыр-сырын үйреніп қана қоймай, ұлттық қолөнер бұйымдарын да жасап жатыр.

Үй ішін безендіретін интерьер дизайнеріне де машықтануда. Кейіннен дайын өнімдерді сатып, одан түскен қаражатты шеберхананың шығындарына жұмсайды. Қалғанын өзара бөлісіп алады. Әлеуметтік жоба қоғамдық қордың бастамасымен іске асты. Қор жетекшісі АҚШ елшілігінің 25 мың доллар болатын грантын ұтып алып, жұмыссыз жүрген нәзік жандыларға көмек ретінде шеберхана ашуды жөн көрген.

Ләззат Алшынова, қоғамдық қордың жетекшісі:

- Бүгінгі күнде бізде көп балалы аналар, балалары мүгедек одан басқа көп қиындық көрген әйелдерге арнап осы шеберханамызды ашып жатырмыз. Өйткені оларға күні бойы балалармен жұмыс істеп отыру қиын ғой. Келіп кетіп 3-4 сағат жұмыс істеу ыңғайлы әйелдерге.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: