Жаңалықтар тізбегі
0

Халықаралық сарапшылар Қазақстан экономикасының өсуін күтіп отыр

thebluediamondgallery.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.03.2019 17:47 thebluediamondgallery.com
S&P халықаралық рейтинг агенттігі тәуелсіз кредит рейтингін "ВВВ" деңгейінде, "Тұрақты" болжамымен растады.

2019 жылғы 8 наурызда S&P халықаралық рейтинг агенттігі тәуелсіз кредит рейтингін "ВВВ" деңгейінде, "Тұрақты" болжамымен растады, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Ұлттық экономика министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстанның рейтингін қолдайтын негізгі фактор - мемлекеттің мықты балансы, сондай-ақ 2022 жылға дейінгі сарапшылардың болжамындағы сыртқы қарыздан асатын өтімді активтер.

Сарапшылар 2019-2022 жылдары экономикалық белсенділіктің орташа есеппен 3% деңгейінде өсуін болжап отыр. Бұл мемлекеттік бағдарламаларға және өндіруші саланың өсуіне байланысты.

Сондай-ақ, S&P сарапшыларының болжамы бойынша, жаңа салық кодексінің арқасында мемлекеттік кіріс біртіндеп артады. Салық кодексі теңгерімсіздікті азайтып, салық базасын ұлғайта және қазынаның шоғырлануына ықпал ете отырып, ерекше жағдайлар мен артықшылықтарды оңңтайландыру арқылы кірістерді молайтады.

Бұдан басқа, теңгенің тұрақтандырылуы, сондай-ақ ҚРҰБ өткізген түрлі шараның нәтижесінде экономиканы долларсыздандыру жалғастырылады.

"Тұрақты" болжамы S&P болжамын айқындайды: алдағы екі жылда мемлекеттік және сыртқы баланстар тұрақты болады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: