Қазақстанда сәуірден бастап қызылшаға қарсы егу басталады

Одесская Правда, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.03.2019 18:26 Одесская Правда
Ең алдымен балалар егіледі.

Бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин қызылшаға байланысты қазіргі жағдай жайында баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

– Қызылшаға қатысты жағдай бұрынғы деңгейде, аптасына 400-ге дейін тіркелуде. Біз 1 сәуірден бастап вакциналауға кірісеміз. 20 наурызға қарай қызылша, паротит және қызамыққа қарсы арнайы вакцина келіп түседі. Біз 478 мың доза аламыз, сол вакцинаны ең алдымен балаларға егеміз. Биыл инфекцияға 1 жасқа толмаған балалар да шалдығуда, сондықтан біз егу жасын тоғыз айға дейін түсірдік. Бұл ғылыми дәлелденген тәжірибе, бұл әдістемені бұрын да қолданған болатынбыз, – деді ол.

Оның айтуынша, вакцина медициналық қызметкерлерге де салынады.

– Вакцинаның негізгі көлемі өз еркімен алғысы келетіндерге бағытталмақ. Одан кейін жазға қарай, қажет болса тағы да вакцина алдыртамыз,– деп нақтылады бас санитарлық дәрігер.

Былтырғы жылдың қараша айынан бері қызылшамен көбіне 1 жасқа толмаған және медициналық қарсы көрсетілім себептері бойынша егілмеген балалар ауыруда.

– Соңғы жылдары вакцинадан бас тарту жағдайлары жиі кездесетін болды. Ата-аналардың кінәсінен егілмегендердің ішінде ауырып қалғандардың жалпы үлесі шамамен 12%, - деп қосты Бекшин.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: