Жаңалықтар тізбегі
0

Тұрғымбаев Алматыдағы атыс туралы: Бізде бандиттік топтар жоқ

365Info, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.03.2019 22:23 365Info
ІІМ басшысы бір топ жас жігіттердің арасында келіспеушіліктің болғанын және олардың кімдер екені анықталғанын айтты.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев 7 наурыз күні Алматыда болған атысқа екі бандитік ұйымның өкілдері, қылмыстық топтар қатысты деген қауесетті жоққа шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

- Мен мұны жоққа шығарамын, онда ешқандай қылмыстық ұйым болмаған. Бізде бандиттік ұйымдар жоқ. Иә, онда жас жігіттердің арасында келіспеушіліктің болғаны рас. Бүгінгі күні олардың төртеуі ұсталып, тұтқындалды, сол жерде болған тағы алтауы іздестріліп жатыр. Олардың кімдер екені белгілі, анықталды, келіспеушіліктің не үшін орын алғаны да белгілі. Біз сосын тергеу нәтижесін толық баяндап береміз. Бірақ, мен дәл қазір тергеу мүддесіне сай олардың аты-жөндерін, себеп-салдарын да айта алмаймын, - деді ерлан Тұрғымбаев.

7 наурыз күні Желіде Рахат Палас қонақ үйінің алдында болған атыс жайлы ақпарат тарады. Кадрлардан ер адамның көлік жанында тұрған бір топ адамға қарата оқ атқаны көрініп тұр. Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі күдіктілердің ұсталып, олардың уақытша ұстау изоляторында қамауға алынғандары жайлы хабарлаған болатын.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: